Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары "мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, тиісті үлгілер мен түрлердегі қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрықтың № 6 қосымшасымен бекітілген.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жеке, топтық және кіші топтық сабақтар түрінде жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.
ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды қоспағанда, туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуы бұзылған балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация лар балаларды тексеру мен кеңес беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнайы жағдайларды бағалауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы болып табылады.
Арнайы мектеп-интернаттар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асырады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті білім беру процесіне қосу мақсатында Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай аудандарында және Алатау қаласында 19 инклюзивті қолдау кабинеті жұмыс істейді.