Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекітеді;
2) Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;
3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
3-1) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
4) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
5-1) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
5-2) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық Жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. |