Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Сұрақ

    Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    Жауап

    Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    Өңірде тұрғындардың тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануларына жағдай жасау мақсатында аймақта бұқаралық спорттық инфрақұрылымды нығайтуды негізге алуымыз керек. Бұқаралық спортқа жол, бұқаралық спорттық іс-шаралар және тұрғындардың таңдаған спорт түрімен шұғылданулары арқылы ашылады. Бүгінде, спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының сол жағалауында «Теннис орталығы» мен 11 мың орындық стадион салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі. Осылайша, жастардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануларына тең мүмкіндік пайда болады. Келешекте бұл нысандарда спорттың бірнеше түрі бойынша секциялар жүргізіліп, 1600-ге жуық жасөспірімнің бір ауысымда спортпен шұғылданулары жағдай жасалады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Спорт федерациясынын аккредитацияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Спорт федерациясының аккредитациясын алу үшінeGov.kz порталы арқылы жарғыны, басқару құрылымын және даму бағдарламаларын қоса отырып, жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет. Өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған .

    Сұрақ

    Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлеген облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекіту қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Басқармаға қағаз жүзінде, электронды пошта арқылы немесе «Е-өтініш» АЖ арқылы жолдай отырып, басқарманың келісімін алу арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Басқарма басшысының жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Қабылдау «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, алдын ала хабарланады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады. Жеке қабылдаудың уақыты әр аптаның сәрсенбі күні сағ 16:00-18:00 аралығында.

    Сұрақ

    Балаларды мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Құжаттар қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе электронды үкімет веб порталы арқылы жүзеге асырылады. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың...

    Сұрақ

    "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігі кандидаты" спорттық разрядын алу үшін қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Спорттық атақтарды орындау үшін арнайы белгіленген заң жүзінде www.e-gov.kz порталы арқылы жүгінуге болады. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқару...

    Сұрақ

    Қызылорда облысында туризм саласындағы бизнес үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?

    Жауап

    Туристік сала субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында 2021 жылдың 30 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Аталмыш Заңда жергілікті ат...

    Сұрақ

    Туроператорлық қызметті алу үшін лицензияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанда туроператорлық қызметке лицензия алу үшін өтінімді elicense.kz порталы арқылы беру қажет. Негізгі талаптар мен кезеңдер: Өтінім беру: «Электрондық лицензиялау» порталына кіріп, өтінішті толтырыңыз және оған өзіңіздің ЭЦП (ЭЦҚ) кілтіңізбен қол қойыңыз. Қажетті құжаттар...