Қызылорда облысында туризм саласындағы бизнес үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Сұрақ

    Қызылорда облысында туризм саласындағы бизнес үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған?

    Жауап

    Туристік сала субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында 2021 жылдың 30 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.

    Аталмыш Заңда жергілікті атқарушы органдар арқылы туризм саласындағы кәсіпкерлерге 4 мемлекеттік қолдау шаралары белгіленген.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау

    Автокөлік жолдарының бойында орналасқан санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) күтіп-ұстауға айына 83 300 теңге көлеміндегі қолдау.

    Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу

    Жаңадан салынған жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жалпы құнының 10 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау.

    Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу

    Туристік операторларға, туристік агенттіктерге және гидтерге сыйымдылығы 8 орыннан асатын автомобиль көлік құралдарының жалпы құнының 25 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау.

    Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу

    Жаңадан салынған туристік қызмет нысандарының (табиғи-климаттық аймақтар, көрікті жерлер, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету нысандары және саяхат кезінде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өзге де нысандар) жалпы құнының 10 пайызын өтеу көлеміндегі қолдау

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санатын алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Бірінші санатты спорт төрешісі біліктілігі – бұл кәсіби білім мен тәжірибені ресми түрде таныту, оған арналған арнайы оқу, тестілеу және федерациядан растайтын құжат алу процесі. Біліктілікке өтініш беру үшін өтініш, ұсыныс хат, семинардан өткені туралы анықтама, төрешілік тәжіри...

    Сұрақ

    «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Спорт федерациясын аккредиттеу – федерацияның ресми тіркеліп, заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат алу процесі. Аккредиттеу үшін федерация жарғысы, спорт түрі бойынша бағдарлама жобасы және басшылар туралы мәліметтер қажет. Құжаттар дайындалған соң, жергілікті халыққа қызмет көрсету...

    Сұрақ

    Балалар мен жастарға арналған тегін спорт секциялары мен клубтарына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Қатысу үшін әкімдіктің сайты, спорт мектебі немесе бос уақыт орталығы арқылы тіркелу қажет. Сабақ кестесі алдын ала жарияланады. Барлық балалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, медициналық анықтама және ата-аналардың рұқсатымен қатыса алады. Сабақтар тегін өткізіледі, қ...

    Сұрақ

    Спорт федерациясынын аккредитацияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Спорт федерациясының аккредитациясын алу үшінeGov.kz порталы арқылы жарғыны, басқару құрылымын және даму бағдарламаларын қоса отырып, жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет. Өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған .

    Сұрақ

    Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлеген облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекіту қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Басқармаға қағаз жүзінде, электронды пошта арқылы немесе «Е-өтініш» АЖ арқылы жолдай отырып, басқарманың келісімін алу арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Басқарма басшысының жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Қабылдау «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, алдын ала хабарланады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады. Жеке қабылдаудың уақыты әр аптаның сәрсенбі күні сағ 16:00-18:00 аралығында.

    Сұрақ

    Балаларды мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Құжаттар қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе электронды үкімет веб порталы арқылы жүзеге асырылады. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың...