"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігі кандидаты" спорттық разрядын алу үшін қайда жүгінуге болады?
Спорттық атақтарды орындау үшін арнайы белгіленген заң жүзінде www.e-gov.kz порталы арқылы жүгінуге болады. "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығында көрсетілген құжаттарды электронды үкімет веб порталы арқылы онлайн түрде жеке өтініштерін жолдап, 14 жұмыс күні ішінде ресми түрде жауап жолданады.