Балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдау техникалық жай-күйі автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға жауап беретін кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылады.
ҚР "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 25-бабына сәйкес
Балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдау техникалық жай-күйі автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға жауап беретін кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылады.
Балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жыпылықтайтын шамшырақпен жабдықталуы тиіс.
Бұл автобустардың алдыңғы және артқы жағында "балаларды тасымалдау"сәйкестендіру белгілері орнатылуы керек.
Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауға тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізуші ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар Кемінде жиырма бес жастағы жүргізушілер жіберіледі.
5. Екі және одан да көп автобустардан тұратын колонналар жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнайы автомобильдерімен сүйемелденуге тиіс.