- «Елорда» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы
Астана қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Клуб мүгедектігі бар адамдардың жүйелі түрде жаттығу өткізуі мен жарыстарға қатысуы үшін құрылған.
Қолжетімді спорт түрлері (санаттар бойынша):
- Арбада билеу;
- Дзюдо, күрес, тхэквондо (пара, сурдо);
- Футбол (сурдо);
- Пауэрлифтинг, армрестлинг (пара, сурдо);
- Оқ ату;
- Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ (көру, есту, интеллект);
- Жүзу (пара, көру, есту, интеллект);
- Жеңіл атлетика (пара, сурдо);
- Пара-каратэ, бочча, пара-каноэ, пара-велоспорт;
- Үстел теннисі, арбамен теннис;
- Спорттық бағдарлау (сурдо).
- Паралимпиадалық жаттығу орталығы (ПЖО)
Мүгедектігі бар спортшылардың қажеттіліктеріне толық бейімделген халықаралық деңгейдегі спорт кешені.
Инфрақұрылымы:
- Залдар: жаттығу залы, ойын залы, жекпе-жек залы;
- Медициналық аймақ (дәрігер, емшара, массаж);
- Асхана, демалыс аймағы, киім шешетін бөлме, сауна — барлығы бейімделген.
Орталықта 23-ке жуық спорт секциясы бар, оның ішінде жеке және командалық түрлер қамтылған.
Мекенжайы: Астана қ., Ақшоқы тұйығы, 2
Телефон: 790-444
Менеджер: +7 701 789 9669
E-mail: [email protected]
- «Тарлан» мұз айдыны
Заманауи жабық мұз кешені. 2019 жылдан бері мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған үш секция жұмыс істейді.
Қолжетімді бағыттар:
- Жаппай сырғанау (жұмыс күндері: 12:00–14:00, демалыс күндері: 10:00–18:00);
- Сурдохоккей (күніне 2 сағат);
- Следж-хоккей (парахоккей) — аптасына 5 рет.
Мекенжайы: Астана қ., Тұран даңғылы, 5/1
Телефон: 279-741
Ресепшн: +7 702 000 9741
E-mail: [email protected]
Қалай жазылуға болады:
- Тікелей клубқа немесе орталыққа жүгіну;
- Төмендегі құжаттарды ұсыну:
- Еркін түрде жазылған өтініш;
- Жеке куәлік;
- Медициналық анықтама (027/у нысаны);
- Мүгедектік туралы анықтама.