Астана қаласында жабық (жылы) аялдамаларды орнату келесі басымдықтар бойынша жүзеге асырылады:
- әлеуметтік маңызды нысандарға жақын (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.);
- жолаушылар ағыны жоғары учаскелер;
- қоғамдық көлік ауысып мінетін хабтар;
Қажетті әрекеттер:
- Тұрғындардың атынан өтініш жазу.
- Өтінішті аудандық әкімдікке жолдау.
- Аялдама орнату учаскесі нормативтік талаптарға сай болуы тиіс:
o Қоғамдық көлікке арналған арнайы қалта (заездной карман) болуы;
o Қону алаңының (посадочная площадка) болуы.
Аялдамаларды орнату қайдан қаржыландырылады?
Жабық павильондар мекенжайлық бағдарлама негізінде орнатылады:
- Қалалық мобильділік басқармасы тарапынан инфрақұрылымдық талдау жүргізіледі;
- Тұрғындардан келіп түскен өтініштер де ескеріледі;
Әр ұсыныс техникалық және әлеуметтік негіздеме бойынша сараланады.