Кәсіпкерлікті дамыту үшін тұрғын емес үй-жайды қалай алуға болады?
- Ғимаратты жалға алу:
Бағаны көтеру бойынша аукционғаwww.gosreestr.kz порталында қатысыңыз.
Алдағы сауда-саттық туралы ақпарат «Астана» ӘКК» АҚ сайтында (spk.astana.kz) жарияланады.
Қажетті құжаттар мен шарттар:
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба);
- «Госреестр» платформасында тіркелу;
- Кепілдік жарна (егер жеңімпаз болмасаңыз, қайтарылады).
- Ғимаратты сатып алу (жекешелендіру):
«Астана» ӘКК» АҚ мүлікті сатып алудың 3 тәсілін ұсынады:
Тәсіл |
Шарттар |
1. 100% төлем |
Толық төлем 5 жұмыс күні ішінде жасалады |
2. 50/50 бөліп төлеу |
Алғашқы жарна – кемінде 50%, қалғаны – 2 жылға дейін пайызсыз бөліп төлеу |
3. 30/70 бөліп төлеу |
Алғашқы жарна – кемінде 30%, қалғаны – 5 жылға дейін ҚР Ұлттық банкінің мөлшерлемесімен бөліп төлеу |
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік / БСН;
- Жеке кәсіпкер немесе ЖШС ретінде тіркелу;
- Өтінім (портал арқылы);
- Банктік деректемелер;
- Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат (аукционға қатысу үшін).
Кеңес алу үшін хабарласу: «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ.