Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Астана қаласы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция функциясын жүзеге асырады. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді, мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді, оларды басқару құқығына куәліктер беруді жүзеге асырады.Мекен-жайы – «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғ. 13, 1 қабат. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-16:30, Түскі ас 12:00-13:30.