Мемлекет жыл сайын колледждерде (орта буын және қолданбалы бакалавриат) білім алу үшін тегін орындар (гранттар) бөледі. Грант негізінде оқу Білім басқармасы бекітетін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүзеге асырылады.
Өтініш беру тәртібі:
- әр жылы 25 маусымнан бастап басталады;
- Қабылдау науқанының ресми мерзімі ішінде жүргізіледі (жыл сайын нақтыланады);
- Өтініш беруге болады:
- eGov.kz порталы арқылы;
- колледждің қабылдау комиссиясына тікелей жүгіну арқылы.
Таңдау мүмкіндігі:
- 4 колледжге дейін;
- Әр колледжде – 4 мамандық пен біліктілікке дейін таңдай аласыз.
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік;
- Білім туралы аттестат (9 немесе 11 сынып);
- 3×4 фотосурет;
- 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама;
- Жеңілдік бар болса — оны растайтын құжаттар.
Жеңілдік санаттары (квота бөлінеді):
- 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек балалар — 1%;
- Ата-анасынан айырылған балалар (жетімдер) — 1%;
- Ауыл жастары — 35%;
- Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар — 5%;
- Толық емес отбасылардан шыққан балалар — 1%;
- Қандастар — 4%.
Конкурс қалай өтеді:
- Аттестаттың орташа балы негізінде;
- Өтініштегі квота мен басымдықтар ескеріледі;
Балдар тең болған жағдайда — жеңілдік санатындағы үміткерге басымдық беріледі.