Аккредиттелген ұйым берген техникалық қорытындыға сәйкес тұрғын үй , егер оның физикалық тозуы 61% - дан асса, апатты деп танылады.
Кім анықтайды?
Жергілікті атқарушы органдар (қала әкімдігі) үй құрылыстарына (көп пәтерлі тұрғын үйлер, барак үлгісіндегі үйлер) техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады.
Зерттеу мақсаты:
- Ғимараттың сенімділігі мен тұрақтылығын бағалау;
- Мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексеру;
- Қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету
Қандай негізде апатты деп танылады?
Аккредиттелген ұйым берген техникалық қорытындының негізінде, егер ғимараттың физикалық тозуы 61% - дан астам болса, оны апатты деп тану мәселесі Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй қорын жаңарту жобасын іске асыру жөніндегі комиссияға шығарылады.
Одан кейін не болады?
- Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді;
Тұрғындарға апатты жағдайдың орнына қоныс аудару және тұрғын үй беру тетігі түсіндіріледі.