Кезекті «Отбасы Банк» АҚ жүргізетін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электронды жүйесіне көшірілуде.
Тұрғын үй кезегіне тұру үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «orken.otbasybank.kz» сайтына кіру қажет. Жүйе адамның шарттарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді.
Тіркелу шарттары:
- азамат кәмелетке толған болуы;
- азаматтар мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде баспанасы жоқ.
Өтінімдерді қарау мерзімі бір жұмыс күнін және өтініш берушілер сканерленген құжаттарды тіркеген жағдайда үш жұмыс күніне дейін созылады.
Барлық құжаттарды қабылдау онлайн болады. Маңызды: санатыңызды көрсетіңіз (егер сіз халықтың әлеуметтік осал топтарына жатсаңыз).
Жеке деректерді өңдеуге келісімге қол қою.
Сізге келесі жағдайларда кезекке қоюдан бас тартылады, егер:
- соңғы 5 жылда ішінде баспанаңыз болса немесе қазіргі кезде атыңызда баспана болса;
- бұрын азамат мемлекеттен тұрғын үй алған және жекешелендірген болса;
- бұрын мемлекеттік ипотека арқылы үй сатып алған болса немесе жалдамалы тұрғын үй алған болса.