«Инватакси» қызметі — мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік көмек түрі.
Қоғамдық көлікті пайдалана алмайтын адамдарға бағытталған бұл қызмет жергілікті бюджет есебінен тегін көрсетіледі.
Қызметті алу үшін оны көрсететін ұйымға жүгініп, қажетті құжаттар топтамасын тапсыру қажет.
1) «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі (18 жастан жоғары) дәрігерлік-консультациялық комиссияның ұсыныстары бар, бірақ кресло-арбаны пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдар үшін Е-103, 7 үй мекен-жайында орналасқан байланыс нөмірлері: 8 8000 700 143, 8 702 793 58 21 ;
2) «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі көз бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін Бейбітшілік көш. 49/1, кіреберіс Аурухана жағынан, мекен жайында орналасқан, байланыс нөмірлері 8-771-046-02-11, 8 800 070 76 91 ;
3) «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ . Астана қаласының кресло арбаларымен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды (18 жастан жоғары) тасымалдау бойынша қызметтерін Астана қаласы, Абылай хан даңғылы 43/1 үй мекен-жайында орналасқан, телефон номерлері 8 708 425 36 56, 8 778 288 10 69
4) «Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қоғамы» (18 жасқа дейінгі) Астана қаласының кресло-арбаны пайдаланбайтын мүгедектігі бар балаларға, Қ.Сәтбаев көшесі 31 үй мекен-жайында орналасқан, байланыс нөмірлері 8 800 0 70 01 87, 8 701 132 30 99 қоғамдық бірлестігі.
5) «Қазақстан Республикасының паралимпиадалық комитеті» қоғамдық бірлестігі Астана қаласының кресло арбалармен қозғалатын мүгедектігі бар балаларды (18 жасқа дейін) тасымалдау бойынша қызметтерін Ақшоқы көшесі 2 үй мекен-жайында орналасқан, байланыс номерлері 8 701 212 21 15, 8 (7172) 79 27.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш
- – Еркін түрде жазылуы мүмкін. Өтініште:
- ТАӘ (аты-жөні),
- мекенжайы,
- байланыс нөмірі,
- қызметті алу туралы өтініш,
- мүгедектік түрі,
- егер қажет болса – еріп жүретін адамның қажеттілігі көрсетіледі.
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы – 026/у нысаны
- Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі
Қалай тапсыруға болады:
- Құжаттарды «Инватакси» қызметін көрсететін ұйымға жеке өзі апарып тапсыруға болады.
Маңызды:
- Қызмет тегін көрсетіледі, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады;
Қажет болған жағдайда еріп жүретін адамды көрсетуге болады.