Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар) 2025 жылы қандай декларация нысандарын тапсырады және салық төлеу мерзімдері қандай?
Жеке практикамен айналысатын тұлғалар 2025 жылы келесі екі нысанды тапсырады:
Активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясы (250.00 нысан);
Табыс пен мүлік туралы жыл сайынғы декларация (270.00 нысан).
(Жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуіне байланысты 240.00 нысан – жойылады.)
Салық төлеу:
2025 жылға дейін – ЖТС (ИПН) ай сайын төленді,
2025 жылдан бастап – ЖТС есепті күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша, табыс пен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде, яғни 25 қыркүйектен кешіктірмей төленеді.