Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №223 бұйрығына «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» бұйрығына сәйкес, үйде оқыту мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жүргізіледі, өйткені бұл білім алушының құқықтарына сәйкес қарастырылған мемлекеттік қызмет болып табылады.Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту үшін медициналық дәлелдер мен өтініштер арқылы мектепке қабылдануы қажет. Мектеп тарапынан арнайы оқу бағдарламасы және оқытушы тағайындалады.