Мектеп педагогтеріне аттестациядан өткен жағдайда жалақысына қанша қосымша ақы қосылады?
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес аттестациядан өткен педагог қызметкерлердің жалақысына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес келесідей қосымша ақылар қосылады.
Айылық лауазымдық айлықақы сомасынан:
- Педагог - шебер 50%
- Педагог – зерттеуші 40%
- Педагог – сарапшы 35%
- Педагог – модератор 30 %