Педагогтерді аттестаттау қандай заңға негізделеді?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығымен) сәйкес, біліктілік санатын алу(растау) педагогтің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Осыған орай, аталған бұйрыққа сәйкес өтініш бермеген жағдайда, біліктілік санатының мерзімі берілген уақыттан бастап бес жыл мерзімге жарамды екенін қаперіңізге береді.