Қарулы Күштерде запаста тұрған азаматтарға кезекті әскери атақ беру тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңымен және тиісті заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Кезекті әскери атақ беру үшін запастағы азамат әскери есепте тұрған жергілікті әскери басқару органына жүгіну қажет.
Не істеу керек:
1. Өтініш дайындау (еркін нысанда немесе жергілікті әскери басқару органының бастығына арналған кезекті әскери атақ беру туралы өтініш).
2. Қажетті құжаттарды жинау:
· жеке куәлік;
· әскери билет (бар болған жағдайда);
· білім туралы құжаттар (талап етілген жағдайда);
· жұмыс орнынан анықтама (сұрау салу бойынша);
· өтілді, жиынға қатысқанын растайтын басқа да құжаттар (бар болған жағдайда);
3. Жергілікті әскери басқару органына жүгіну;
4. Жергілікті әскери басқару органы өтінішті қарайды және жоғары тұрған органдарға тиісті материлдарды жібереді.