Егер мен бұрын әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған болсам, әскери қызметке қайта орналаса аламын ба?
Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдана алмайсыз, өйткені "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік немесе әскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдар әскери қызметке қабылданбайды. Бұл шектеу қызметте 3 және одан да көп уақыт дәлелсіз себептермен болмағаны үшін жұмыстан шығарылғандарға қатысты қолданылмайды. Олар осындай жұмыстан шығарудан соң екі жыл өткеннен кейін әскери қызметке қайта қабылдануға құқылы.