Егер жұмысқа орналасу кезінде әскери билетті немесе тіркеу куәлігін көрсету қажет болса ше?

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    Сұрақ

    Егер жұмысқа орналасу кезінде әскери билетті немесе тіркеу куәлігін көрсету қажет болса ше?

    Жауап

    Көрсетілген талаптар ҚР Қорғаныс министрінің 24.01.2017 жылғы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу қағидаларының 66-тармағымен шартталған, оларға сәйкес жұмысқа қабылдау әлеуетті қызметкерлердің әскери есебінде тұрған жағдайда ғана мүмкін болады.
    Көптеген заңды тұлғалардың кадр органдарының қызметкерлері 2023 жылдың қараша айынан бастап тіркеу туралы куәліктерді беру толығымен жойылғанын білмейді, ал әскери билеттер тек әскери немесе Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде 12 ай қызмет өткерген адамдарға беріледі.
    Бұл ретте, әскери есепке алу туралы мәліметтер әрбір азаматқа "E-Gov" порталындағы "жеке кабинетте" және ақпарат көрсетілетін "M-Gov" қосымшасында қолжетімді:
    1. Әскери қызметке қатынасы туралы.
    2. Әскери қызмет өткеру кезеңдері туралы.
    3. Әскери есептегі жай-күйдің ЖӘБО атауы.
    Сонымен қатар, заңды тұлғаларда әскери есепке алуды жүргізу процесін автоматтандыру мақсатында Министрліктің ақпараттық жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесімен интеграциялау жүргізілді.
    Нәтижесінде жұмыс берушілер жұмысқа қабылданатын азаматтың жеке ісін қалыптастыру кезінде әскери есепке алу (әскери қызметке қатысы, әскери есепке алу орны, әскери атағы, Әскери қызмет өткеру кезеңдері) туралы мәліметтерді ала алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мен келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре алам ба?

    Жауап

    Егер белгіленген талаптарға сәйкес келсеңіз, Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке кіре аласыз.1. Кіру үшін негізгі талаптар: 1. Азаматтығы және жасы· Қазақстан Республикасының азаматы;· 19 жастан бастап нақты әскери атақ пен лауазым үшін белгіленген шекті жасқа дейін.2. Білімі...

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Ұлым Аягөз қ. қызмет өткеріп жатса, өзім мүгедек болып, денсаулық жағдайым ауыр, тұрақты күтімге мұқтаж болсам, ұлымды Шымкент қ. ауыстыра аламын ба?

    Жауап

    Әскери қызметшілерді отбасы жағдайы бойынша, оның ішінде жақын туысының ауыр халіне байланысты басқа өңірге ауыстыру мүмкіндігі «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» ҚР Заңында көзделген, алайда шешім автоматты түрде емес, қолбасшылықтың қарауына қарай қабылдан...

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Келісімшарт бойынша әскери қызметке қалай кіруге болады немесе запастағы офицерлер үшін 24 ай мерзіммен әскери қызметке қалай шақырылады?

    Жауап

    Жоғары оқу орнындағы оқуды, ЖОО жанындағы әскери кафедраны аяқтағаннан кейін, Сіз запастағы офицер ретінде жұмылдыру резервіне тіркелесіз. Сізге берілген офицерлер құрамының «запастағы лейтенант» әскери атағын ескере отырып, Сіз 12 ай мерзіммен мерзімді әскери қызметке шақырылуға...

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда офицер кезекті әскери атағын ала алмайды?

    Жауап

    ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына және ҚР Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысына сәйкес қызмет өткерудегі (әскери қызмет өткерудегі) офицер мынадай жағдайларда кезекті әскери атаққа ұсынылмайды: Ағымдағы әскери ата...

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Маған кезекті запас бойынша әскери атақ алу тәртібін түсіндіруді сұраймын?

    Жауап

    Қарулы Күштерде запаста тұрған азаматтарға кезекті әскери атақ беру тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңымен және тиісті заңға тәуелді актілермен реттеледі. Кезекті әскери атақ беру үшін запастағы азамат әскери есепте тұрған жергілікті әскери...

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Мен әскери жиындардан «взвод сержанты» лауазымы бойынша өттім, алғашқы «запастағы лейтенант» әскери атағын ала аламын ба?

    Жауап

    Әскери жиындардан өткеннен кейін «запастағы лейтенант» атағын алу мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін нақты шарттар орындалуға тиіс.1. «Запастағы лейтенант» атағын кім алады:1. Жоғары білімі бар азамат (көп жағдайларда – міндетті);2. Егер Сіз мынадай әскери дайындықтан өтсеңіз:· әскери...

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Егер мен бұрын әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған болсам, әскери қызметке қайта орналаса аламын ба?

    Жауап

    Сіз келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдана алмайсыз, өйткені "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік немесе әскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдар әскери қызметке қабылданбайды. Бұл шектеу қызметте 3 және одан...

    ҚР ҚМ·
    Сұрақ

    Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде заңда не жаңалық қарастырылған?

    Жауап

    1) ипотекалық шарт бойынша негізгі борыштан аспайтын сома мөлшерінде біржолғы тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру (заңның 101-12-бабының 3-тармағы және 4-тармағы). Заң ипотекалық несие бойынша негізгі борыш шеңберінде ғана тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұ...

    ҚР ҚМ·