Кіріс пен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) қалай тапсыруға болады?

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Кіріс пен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) қалай тапсыруға болады?

    Жауап

    ЖАДЫНАМА

    кірістер мен мүлік туралы декларация бойынша

    Декларация нысаны

    270.00 – нысан – «Кірістер мен мүлік туралы декларация».

    «Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» кімге тапсыру қажет

    2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жеке тұлғалар күнтізбелік жыл үшін кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны (270.00-нысан) жыл сайын ұсынуға міндетті.

    «Кірістер мен мүлік туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер

    1. Есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер;
    2. Салықтық шегерімдер;
    3. Мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару фактісі;
    4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;
    5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік;
    6. Нотариалды куәландырылған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек. ҚР Екінші деңгейдегі банктеріне берешек көрсетілмейді.

    Маңызды!

    Декларацияда табыстың келесі түрлері бойынша жеке табыс салығын (ЖТС) көрсету және есептеу қажет:

    1. мүліктік кіріс;
    2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынатын кірістер;
    3. салық агентінен алынбаған үй қызметкерлерінің табыстары;
    4. салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің кірісі;
    5. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыскердің табысы;
    6. кәсіпқой медиатордың табысын қоспағанда, медиатордың кірісі;
    7. жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс.

    Ескертпе

    Табыстардың осы түрлерін кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсету және олар бойынша ЖТС есептеу кезінде 240.00 нысандағы декларацияны табыс ету талап етілмейді(Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацы).

    Бұдан басқа, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде келесі мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:

    • Мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі;
    • Мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелері;

    3) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;

    4) Бағалы қағаздар;

    5) Инвестициялық алтын;

    6) Туынды қаржы құралдары;

    7) Тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.

    «Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны» ұсыну мерзімі

    Қағаз тасығышта-2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

    Электрондық түрде-2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

    «Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» ұсыну тәсілдері

    Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz) және eSalyq Azamat мобильді қосымшасы.

    Қағаз тасығышта - мемлекеттік кірістер органдарына.

    «Кірістер мен мүлік туралы Декларацияны» қайда тапсыру қажет

    Жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерді және жеке тәжірибемен айналысатын адамдарды қоспағанда, мысалы, мемлекеттік қызметшінің жұбайы (зайыбы) тұрғылықты (болатын) жері бойынша декларация тапсырады.

    Жеке кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар декларацияны орналасқан жері бойынша табыс етеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдаланудың негізгі аспектілері қандай?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексі шеңберінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін төмендегідей ережелер көзделген: Жылдық табыстың шекті мөлшері бұрынғыдай сақталады – 600 000 еселенген АЕК-тен аспау керек (2026 жылы бұл 2,5 млрд теңге). Жалд...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін кім қолдана алады?

    Жауап

    Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен (шамамен 1,3 млн теңге) аспайтын адамдардың табысын заңдастыру және салықтық міндеттемелерін жеңілдету мақсатында жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі (АСР) көзделген. Бұл режимді келесі тұлғалар қолдана алады:...

    Сұрақ

    Арнайы салық режимдері бойынша жаңа Салық кодексінде не өзгерді?

    Жауап

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР -Бұл режимді мынадай жеке тұлғалар қолдана алады: жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген; жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатын; ай сайынғы табысы 30...

    Сұрақ

    Әлеуметтік салық бойынша қандай жаңалықтар қарастырылған?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысын жою қарастырылған. Осыған байланысты әлеуметтік салықтың жеке ставкасы белгіленді-6%. Әлеуметтік салықтың басқа ставкасы белгіленді (бұрын ЖТС ставкасын 70 % төмендет): ауыл шаруашылығы тауарын ө...

    Сұрақ

    ЖТС бойынша ставкалар. Жаңа Салық кодексінде не қарастырылған?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде ЖТС прогрессивті ставкасы енгізілді. Мәселен, 8 500 АЕК-тен (33,4 млн теңге) асатын қызметкердің жылдық табысы үшін мөлшерлеме 15% -. құрайды. 230 000 АЕК - ке дейінгі дивидендтер түріндегі кірістер үшін-5% және осы шектен жоғары-салық салынатын табыстан сал...

    Сұрақ

    2026 жылдан бастап медициналық салаға ҚҚС қалай салынады?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде медицина саласына ҚҚС салу бөлігінде мыналар көзделген. 1) ҚҚС-тан босатылады: - Медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді өткізуі: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК...

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде қандай ҚҚС мөлшерлемелері қарастырылған?

    Жауап

    ҚҚС базалық мөлшерлемесі-16%. Бұл ретте сараланған мөлшерлемелер енгізілді. Шаруа қожалықтары үшін ҚҚС-тан босату сақталды. Заңды тұлғалар-ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке жатқызылатын ҚҚС қосымша сомасын 70% - дан 80% - ға дейін ұлғайту ұсынылады. Осылайша, ауыл шаруашы...

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде (тіпті...