Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен (шамамен 1,3 млн теңге) аспайтын адамдардың табысын заңдастыру және салықтық міндеттемелерін жеңілдету мақсатында жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі (АСР) көзделген.
Бұл режимді келесі тұлғалар қолдана алады:
- қазіргі таңда патент негізіндегі, арнайы мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР, платформалық жұмыспен қамтылу шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалар;
- сондай-ақ төмендегі критерийлерге сай келетін басқа тұлғалар:
- жеке кәсіпкер болып табылмайтын;
- жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
- ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қызмет түрлерімен айналысатын.
Аталған режимнің ерекшелігі – мұндай тұлғалар: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылады; тек табыстың 4%-ы мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді (МЗЖ, МЗЖР, ӘА, МӘМС – әрқайсысы 1%) және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден босатылады.