Арнайы салық режимдері бойынша жаңа Салық кодексінде не өзгерді?

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Арнайы салық режимдері бойынша жаңа Салық кодексінде не өзгерді?

    Жауап

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР - Бұл режимді мынадай жеке тұлғалар қолдана алады:

    1. жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;
    2. жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
    3. ҚР Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатын;
    4. ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтын (2026 жылы шамамен 1,2 млн теңге).

    Олар ЖТС төлеуден босатылады және тек өз табысынан 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлейді: 2% – міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ), 1% – әлеуметтік аударымдар (ӘА), 1% – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС).

    Міндеттемелерді орындауды оңайлату үшін, табыстар арнайы мобильді қосымшада көрсетіледі, ал төлемдер автоматты түрде есептеледі.

    Интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін тұлғалар үшін әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу платформаның операторы арқылы жүзеге асырылады. Байланыс желісі жоқ жерде қызмет атқаратындар әлеуметтік төлемдерін өздері есептейді.

    Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР (бұрынғы оңайлатылған декларация мен бөлшек салық режимдерінің бірігуі). Бұл режимді келесі шарттарға сай тұлғалар қолдана алады:

    1) жылдық табысы 600 000 АЕК-тен аспайтын (2026 жылы – шамамен 2,5 млрд теңге), жалдамалы жұмыскерлер санына шектеу қойылмайды;

    2) ҚР Үкіметі тыйым салған қызмет түрлеріне кірмейтін кәсіппен айналысатын.

    Құқығы жоқ тұлғалар:

    1) жарғылық капиталында басқа заңды тұлғалардың үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар;

    2) құрылтайшысы немесе қатысушысы басқа АСР қолданушы заңды тұлғаларда да құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын заңды тұлғалар;

    3) құрылтайшысы немесе қатысушысы АСР қолданатын тұлғалар;

    4) АСР қолданатын заңды тұлғалардың құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын жеке тұлғалар немесе ЖК;

    5) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

    6) КТС немесе ЖТС-ті жалпыға бірдей тәртіппен есептейтін тұлғалармен байланысты тұлғалар (14-бап, 1-тармақ, 1)–8) тармақшалар бойынша);

    7) коммерциялық емес ұйымдар;

    8) арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар, «Astana Hub» қатысушылары;

    9) бірлескен қызмет туралы шарттармен жұмыс істейтін тұлғалар.

    Салық мөлшерлемесі: ЖТС/КТС бойынша 4% (мәслихаттардың шешімімен 50%-ға дейін төмендетілуі немесе арттырылуы мүмкін).

    Егер жылдық табыс 24 000 АЕК-тен (2026 ж. – 99,1 млн теңге) асатын болса, жалақы қорының сомасына салық салынатын табыс азайтылады.

    Бұл режимді қолданушылар ҚҚС және әлеуметтік салық төлеушілері болып табылмайды.

    Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР

    Аталған режим өзгеріссіз сақталады. Бірыңғай жер салығының күшін жоюына байланысты, енді салық жеке табыс салығы (ЖТС) ретінде төленеді. Салық мөлшерлемесі – 0,5%

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік декларацияға қандай жағдайларда түзетулер енгізіледі?

    Жауап

    Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер немесе толықтырулар тауарлар шығарылғаннан кейін ЕАЭО кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен енгізілуі мүмкін. Мұндай қажеттілік, мысалы, тауардың сыныптамасына, кедендік құнына, шығу тегіне н...

    Сұрақ

    Салық төлеуші салық берешегінің бар-жоғын қалай тексере алады?

    Жауап

    Салық берешегінің бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталы, Салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы мен мобильді қосымшасы, сондай-ақ тиісті қызметті ұсынатын екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

    Сұрақ

    Салық берешегін төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін алуға бола ма?

    Жауап

    Иә. Негіздер болған жағдайда салық төлеуші салық міндеттемесін орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу түрінде өзгертуге өтініш беруге құқылы. Шешім Салық кодексінің талаптары, берешек сомасы, кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімі және көзделген жағдайларда қамта...

    Сұрақ

    Артық төленген салық сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу қандай мерзімде жүзеге асырылады?

    Жауап

    2026 жылдан бастап артық төленген (өндіріп алынған) салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдар сомаларын есепке жатқызу және қайтару салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Егер заңнамада өзге мерзім көзделмесе, тиісті салықтық өтінішті қарау және оры...

    Сұрақ

    Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қандай негізгі талаптарды сақтау қажет?

    Жауап

    Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау қажет. Көзделген жағдайларда әкелу кедендік баждары мен салықтарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-а...

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатылуы мүмкін?

    Жауап

    Электрондық шот-фактураларды жазып беру салық заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде салықтық әкімшілендірудің жекелеген шараларын қолдану кезінде шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Оның себебін анықтау үшін мемлекеттік кірістер органдары жіберген хабарламалар мен ақпара...

    Сұрақ

    Салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса не болады?

    Жауап

    2026 жылдан бастап Салық кодексінде көзделген жағдайларда нөлдік көрсеткіштері бар салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру тетігі қолданылады. Бұл ретте салық төлеуші нақты салық міндеттемелерін дұрыс көрсету міндетінен босатылмайды.

    Сұрақ

    ҚҚС бойынша камералдық бақылау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Мемлекеттік кірістер органдары электрондық шот-фактуралардағы мәліметтерді 300.00 нысаны бойынша ҚҚС декларациясының деректерімен және басқа да ақпарат көздерімен салыстырады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда салық төлеушіге тиісті хабарлама жіберілуі мүмкін.