«Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларының» 40-тармағына сәйкес, тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізуді кешіктіргені үшін, егер бұл кешігу еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдемесе, жолаушы шеккен шығындарды өтеумен қатар, әрбір кешіктірілген сағат үшін тариф құнының (кешігу орын алған ұшу учаскесінің тарифі) үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
Айыппұл сомасы сатып алынған тарифтің (кешігу орын алған ұшу учаскесінің тарифі) құнынан аспауға тиіс.
Жолаушыны межелі пунктке жеткізуді кешіктіргені үшін айыппұлды төлеу тасымалдаушы тарапынан жолаушының өтініші негізінде тасымалдаушының интернет-ресурсы және билет сату пункттері арқылы жүзеге асырылады.
(Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығы)