Какой порядок выдачи сертификата соответствия беспилотной авиационной системы с беспилотным воздушным судном с максимальной взлетной массой от 25 кг до 750 кг?

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

    Сұрақ

    Какой порядок выдачи сертификата соответствия беспилотной авиационной системы с беспилотным воздушным судном с максимальной взлетной массой от 25 кг до 750 кг?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – БАС қағидалары) 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында салмағы 25 кг-нан 750 кг-ға дейінгі ұшқышсыз ұшу аппараты бар ұшқышсыз авиациялық жүйеге отандық сериялық және шетелдік сериялық өндіріс ретінде сәйкестік сертификатын беру тәртібі сипатталған.

    Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында көрсетілген құжаттар тізбесі, сериялық отандық немесе сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға eOtinish арқылы жолданады және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://caa.gov.kz/ru/deyatelnost/departament-bespilotnyh-aviacyonnyh-sistem/podtverzhdenie-tehnicheskogo-sootvetstviya-formy-deklaracij-i-zayavok/bas3

    • Сериялық отандық өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі:
    • БАС қағидаларына 25-қосымшаға сәйкес сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш;
    • Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы;
    • Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы;
    • ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері;
    • Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі;
    • БАС техникалық қызмет көрсету регламенті (бағдарламасы);
    • ААӘ тарапынан қол қойылған мемлекеттік сынақтар актісі.
    • Сериялық шетелдік өндірістегі ұшқышсыз авиациялық жүйеге сәйкестік сертификатын алу және сертификаттық тексеру жүргізу үшін құжаттар тізбесі:
    • Сәйкестік сертификатын алу туралы өтініш;
    • Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланушылық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жинағы;
    • Нөмірлік (борт журналы, формуляр) құжаттаманың жинағы;
    • БАС-тың мына талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер немесе дайындаушы мемлекеттің стандарттары, директивалары, қағидалары, техникалық регламенттері):
    • электромагниттік үйлесімділік талаптарына және жиілік спектрін дұрыс пайдалану талаптарына сәйкестігі;
    • дыбыс және бейне жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі (бар болса);
    • электрондық және/немесе электротехникалық жабдықтардың электромагниттік өрісінің адам ағзасына әсер етуіне қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса);
    • химиялық заттарды пайдалануға шектеулерге қатысты талаптарға сәйкестігі (бар болса);
    • қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде. Егер жоғарыда көрсетілген тілдерде құжаттар болмаған жағдайда, өтініш беруші өндірушінің түпнұсқа құжатын және нотариалды куәландырылған қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі аудармасын ұсынады;
    • ҰҰА-ның жанынан және жоғарыдан түсірілген фотосуреттері;
    • Шектеулі ресурсы бар агрегаттар тізбесі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауған соғысының ардагерлеріне ақылы жолдармен жүргені үшін жеңілдіктер беру

    Жауап

    Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне ақылы автомобиль жолдары арқылы жеңілдікпен жол жүруді беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Бүгінгі күні ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдала...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты су көлігінің бар/жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган мемлекеттік кемелер тізілімін және кеме кітабын жүргізеді, борышкер атында су көлігі болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде КДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Iшкi су көлiгi туралы» За...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты теміржол жылжымалы құрамының бар-жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган жылжымалы құрамның мемелекеттік тізілімін жүргізеді, борышкер атында жылжымалы құрам болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде ҚДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Теміржол көлігі туралы» З...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    №655/656 Арқалық-Астана-1 Жолаушылар пойызының Астана-1 станциясындағы аялдаманы қалпына келтіруге қатысты

    Жауап

    2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында орналасқан 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Аталған жоба аясында «Астана-1» вокзалы да қамтылған. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға,...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Әуежай маңында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі: Құрылыс салу, орнату, орналастыру, кеңейту, қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру, электр беру желілері мен өзге де құрылыстарды...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    1, 2 немесе 3-санаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторының сертификатын қалай алуға болады?

    Жауап

    1, 2 немесе 3 санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторы сертификатын алу мақсатында өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламаларға сәйкес тиісті санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және/немесе пра...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Әуежайда және әуе кемесінің бортында медициналық көмекті кім көрсетеді?

    Жауап

    Жолаушыларға әуе кемесінің бортында және әуежай аумағында медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларымен реттеледі. Әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі, шұғыл және жедел медициналық көме...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға қандай жеңілдіктер ұсынылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды ертіп жүретін адамдарға әуе тасымалдарына жеңілдіктер беру қарастырылмаған.Air Astana, Fly Arystan, SCAT және Qazaq Air сияқты отандық әуе компаниялары мүгедектігі бар жолаушылар мен...

    Көлік министрлігі·