Әуежайда және әуе кемесінің бортында медициналық көмекті кім көрсетеді?

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

    Сұрақ

    Әуежайда және әуе кемесінің бортында медициналық көмекті кім көрсетеді?

    Жауап

    Жолаушыларға әуе кемесінің бортында және әуежай аумағында медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларымен реттеледі.

    Әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі, шұғыл және жедел медициналық көмек жолаушылар арасында медициналық қызметкер болған жағдайда көрсетіледі.

    Әуе кемесінің бортында бар дәрілік заттарды пайдалану арқылы алғашқы медициналық көмекті кабиналық экипаж мүшелері немесе кабиналық экипажы қарастырылмаған әуе кемесінде – тиісті дайындықтан өткен ұшушы экипаж мүшелері көрсетеді.

    Әуе кемесінің командирі егер ұшуды жалғастыру жолаушының денсаулығына қауіп төндіреді деп есептесе, жедел қону туралы шешім қабылдайды.

    Медициналық көмек жинағын әуе кемесінде отырған фельдшер немесе жоғары медициналық білімі бар жолаушы немесе аға бортсерік пайдалана алады – бұл тек медициналық қызметкерден ауызша,жазбаша немесе қашықтықтан кеңес алғаннан кейін жүзеге асырылады.

    Жолаушы медициналық пунктке жүгінген жағдайда:

    1. медициналық тексеру жүргізіледі, алдын ала диагноз қойылады және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі;
    2. қажет болған жағдайда жолаушыны қысқа мерзімді бақылау қамтамасыз етіледі;
    3. медициналық көрсеткіштер болған жағдайда – жедел жәрдем бригадасы шақырылады және/немесе госпитализацияға жіберіледі;
    4. әуе көлігімен ұшуға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда – жолаушы ұшуға жіберілмейді, оған ұшудан шеттету туралы анықтама беріледі, ол авиабилетті қайтаруға негіз болады;
    5. ұшудан шеттетілген жолаушы туралы тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің диспетчері хабардар етіледі және жолаушылардың медициналық көмекке жүгінуі бойынша журналға тиісті жазба енгізіледі, бұл ретте жолаушының қайда кеткені міндетті түрде көрсетіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауған соғысының ардагерлеріне ақылы жолдармен жүргені үшін жеңілдіктер беру

    Жауап

    Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне ақылы автомобиль жолдары арқылы жеңілдікпен жол жүруді беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Бүгінгі күні ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдала...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты су көлігінің бар/жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган мемлекеттік кемелер тізілімін және кеме кітабын жүргізеді, борышкер атында су көлігі болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде КДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Iшкi су көлiгi туралы» За...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты теміржол жылжымалы құрамының бар-жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган жылжымалы құрамның мемелекеттік тізілімін жүргізеді, борышкер атында жылжымалы құрам болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде ҚДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Теміржол көлігі туралы» З...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    №655/656 Арқалық-Астана-1 Жолаушылар пойызының Астана-1 станциясындағы аялдаманы қалпына келтіруге қатысты

    Жауап

    2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында орналасқан 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Аталған жоба аясында «Астана-1» вокзалы да қамтылған. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға,...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Какой порядок выдачи сертификата соответствия беспилотной авиационной системы с беспилотным воздушным судном с максимальной взлетной массой от 25 кг до 750 кг?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – БАС қағидалары) 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында салмағы 25 кг-нан 750 кг-ға дейінгі ұшқышсыз ұшу аппараты бар ұшқышсыз авиациялық жүйеге отандық сериялық және шетелд...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Әуежай маңында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі: Құрылыс салу, орнату, орналастыру, кеңейту, қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру, электр беру желілері мен өзге де құрылыстарды...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    1, 2 немесе 3-санаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторының сертификатын қалай алуға болады?

    Жауап

    1, 2 немесе 3 санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторы сертификатын алу мақсатында өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламаларға сәйкес тиісті санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және/немесе пра...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға қандай жеңілдіктер ұсынылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар жолаушылар мен оларды ертіп жүретін адамдарға әуе тасымалдарына жеңілдіктер беру қарастырылмаған.Air Astana, Fly Arystan, SCAT және Qazaq Air сияқты отандық әуе компаниялары мүгедектігі бар жолаушылар мен...

    Көлік министрлігі·