1, 2 немесе 3 санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторы сертификатын алу мақсатында өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламаларға сәйкес тиісті санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және/немесе практикалық даярлаудан өтеді.
Тиісті санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және/немесе практикалық даярлау бағдарламаларын келіскен ұйымдардың тізімі АО «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» сайтында https://caa.gov.kz/ru/obuchenie-bas https://caa.gov.kz/ru/obuchenie-bas сілтемесі бойынша жарияланған, онда ұйымдардың атауы, байланыс деректері және пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлау бағдарламалары көрсетілген.
Пилотсыз авиациялық жүйелер операторы сертификаттарын беру тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының 3-бөлімінің 2-параграфында айқындалған.
Құжаттарды қарау мерзімі – 15 күнтізбелік күн.