Қазіргі уақытта Жолаушылар мен багажды Автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларының және Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі - бұйрық жобасы) КҚББЖ-нде жол-жүру парақтары мен жүкқұжаттарын міндетті түрде тіркеу бөлігінде қолдануды тоқтата тұру туралы бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Ұлттық экономика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, қаржы министрліктерімен келісілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде келісуде. Бұдан кейін тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол-жүру парақтарын КҚББЖ-не міндетті тіркеуді тоқтата тұру туралы бұйрық "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылатын болады.
Осылайша, тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарын КҚББЖ-де тіркеу бойынша міндеттемелер тоқтатылады.