ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығымен бекітілген «Автомобильмен тасымалдаушыларға жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру» қағидасының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар Рұқсатты алған күннен бастап алты ай өткен соң шетелдік рұқсатты қолдана отырып, шетелдік рұқсатты қолданусыз Рұқсат алады.
Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын алты ай ішінде жүзеге асыру мерзімі соңғы алты айдағы мынадай құжаттармен расталады:
1) рұқсат карточкалары алынған автокөлік құралдарының қатысуымен тасымалдауды жүзеге асыруды растайтын алдыңғы алты айдың әрбір 3 айы үшін тауар-көлік жүкқұжаттарымен (ТКЖ), халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарымен (CMR), кемінде 1 ТКЖ және/немесе CMR, жартылай тіркемеге (тіркемеге);