Егер Қазақстанда ақылы жолмен жүріп, белгіленген мерзімде төлем жасамасаңыз, сізге әкімшілік айыппұл салынады.
Төлеумерзімдері
- Ақылыжолучаскесінпайдаланғаннанкейін7 күнтізбеліккүнішіндетөлемжасауыңызқажет.
- 8-ші күні, егер төлем жасалмаса, айыппұл салынады.
Айыппұл мөлшері
- Физикалық тұлғалар үшін: 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш).
2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңге, сондықтан айыппұл мөлшері 19 660 теңге болады.
- Заңды тұлғалар үшін: 10 АЕК, яғни 39 320 теңге.
Егер қарыз төленбесе, ол пайдаланушылармен жұмыс жасау қызметі арқылы әртүрлі тәсілдермен өндіріліп алынуы мүмкін, оның ішінде қоңырау шалу, СМС хабарламалар жіберу, нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде қарызды өндіру, сондай-ақ төлем мерзімі бұзылған жағдайда Көлік комитетіне материалдар жіберу мүмкін.
Заңнамалық өзгерістерге сәйкес, көлік құралын тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде ақылы жолдар үшін қарыздың бар-жоғы тексеріледі. Егер қарыз төленбесе, тіркеу тоқтатылуы мүмкін.