Қандай жолдар ақылы жолдар болып табылады?

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

    Сұрақ

    Қандай жолдар ақылы жолдар болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында 2025 жылға қарай өңірлер мен халықаралық шекаралар арасындағы негізгі аумақтарды қамтитын ақылы автомобиль жолдарының кең желісі бар. жалпы ұзындығы 4760 км. Жаңа ақылы учаскелер пайдалануға берілген сайын ақылы жолдардың ұзындығы артады. Бұл учаскелерге I техникалық санаттағы жолдар да (жылдамдығы жоғары автомобиль жолдары), сондай-ақ II және III санаттағы жолдар кіреді. Алғашқы ақылы учаскелер 2013 жылы енгізілді, содан бері ақылы жолдар желісі біртіндеп кеңейді.

    I санаттағы негізгі ақылы учаскелер (жылдам автомобиль жолдары)

    Астана – Щучинск»;

    «Астана – Теміртау»,

    «Алматы – Қорғас»

    «Алматы – Қонаев»,

    «Көкшетау-Петропавл»

    «Балқаш-Бурылбайтал»

    «Қостанай – Троицк»

    «Қостанай-Денисовка»

    «Таразды айналып өту»

    «Қызылорда – Арал»

    «Ақтөбе-Орынург»

    II және III санаттағы жолдар

    «Павлодар-Қалбатау»

    «Бейнеу – Ақжігіт»

    «Орал – Самара»

    «Тараз – Қайнар»

    «Шымкент-Қызылорда»

    «Шымкент-Тараз»

    «Қонаев – Талдықорған»

    «Шымкент-Ташкент»

    «Щучинск – Көкшетау»

    «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңының 5-1-баптарына сәйкес автомобиль жолдарын (учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:

    1) автомобиль көлігінің барлық түрлері үшін 1-техникалық санаттағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (учаскелері);

    2) 2-техникалық санаттағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (учаскелері) автомобиль көлігінің барлық түрлері үшін немесе тек жүк автомобиль көлігі үшін;

    3) жүк автомобиль көлігіне арналған 3-техникалық санаттағы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары (учаскелері);

    4) астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелері.

    Толық тізім мен ақылы бөлімдер бойынша ағымдағы деректер ақылы жол операторының https://www.qaj.kz ресми сайтында берілген.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауған соғысының ардагерлеріне ақылы жолдармен жүргені үшін жеңілдіктер беру

    Жауап

    Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне ақылы автомобиль жолдары арқылы жеңілдікпен жол жүруді беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Бүгінгі күні ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдала...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты су көлігінің бар/жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган мемлекеттік кемелер тізілімін және кеме кітабын жүргізеді, борышкер атында су көлігі болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде КДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Iшкi су көлiгi туралы» За...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Борышкерге қатысты теміржол жылжымалы құрамының бар-жоғы туралы

    Жауап

    Уәкілетті орган жылжымалы құрамның мемелекеттік тізілімін жүргізеді, борышкер атында жылжымалы құрам болған/болмаған жағдайда тиісті ақпарат беріледі. Борышкер туралы деректер нақты уақыт режимінде ҚДҚ АТЖ АЖ-нде ЖСН/БСН бойынша іздеу арқылы алынады. ҚР «Теміржол көлігі туралы» З...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    №655/656 Арқалық-Астана-1 Жолаушылар пойызының Астана-1 станциясындағы аялдаманы қалпына келтіруге қатысты

    Жауап

    2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында орналасқан 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Аталған жоба аясында «Астана-1» вокзалы да қамтылған. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға,...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Какой порядок выдачи сертификата соответствия беспилотной авиационной системы с беспилотным воздушным судном с максимальной взлетной массой от 25 кг до 750 кг?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – БАС қағидалары) 9-бөлімінің 3 және 5-параграфтарында салмағы 25 кг-нан 750 кг-ға дейінгі ұшқышсыз ұшу аппараты бар ұшқышсыз авиациялық жүйеге отандық сериялық және шетелд...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Әуежай маңында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі: Құрылыс салу, орнату, орналастыру, кеңейту, қайта жаңарту немесе техникалық қайта жарақтандыру, электр беру желілері мен өзге де құрылыстарды...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    1, 2 немесе 3-санаттағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторының сертификатын қалай алуға болады?

    Жауап

    1, 2 немесе 3 санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторы сертификатын алу мақсатында өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламаларға сәйкес тиісті санаттағы пилотсыз авиациялық жүйелер операторларын бастапқы теориялық және/немесе пра...

    Көлік министрлігі·
    Сұрақ

    Әуежайда және әуе кемесінің бортында медициналық көмекті кім көрсетеді?

    Жауап

    Жолаушыларға әуе кемесінің бортында және әуежай аумағында медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларымен реттеледі. Әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі, шұғыл және жедел медициналық көме...

    Көлік министрлігі·