Автомобиль жолдары комитеті автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, ол халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлеу мен бекітуді көздейді.
Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуді мынадай ұйымдар жүзеге асырады:
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ – бұл халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқаруға жауапты ұлттық оператор.
«ҚазақАвтодор» РМК – жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу.
«ҚаздорҒЗИ» АҚ – ғылыми-зерттеу институты, жол құрылысы саласындағы ұлттық нормалар мен ережелерді әзірлеу.