Мемлекеттік органдар (ұйымдар) қайырымдылық қаржылық көмек көрсете ме?
Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қайырымдылық қаржылық көмегін көрсетпейді, өйткені олардың қызметі заңмен реттеледі және қайырымдылыққа емес, мемлекеттік функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Қайырымдылық туралы» № 402-V Заңы (22.01.2025 жылғы жағдай бойынша өзгерістері мен толықтырулармен)