Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа конкурс мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың белгіленген қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік орган конкурс туралы хабарландыруды ресми сайтта орналастырады. Барлық мүдделі қатысушылар қажетті құжаттармен өтінім береді. Процедура бірнеше кезеңдерді қамтиды, соның ішінде өтінімдерді қарау, оларды белгіленген критерийлер бойынша бағалау және жеңімпазды анықтау. Жеңімпазды таңдауда үміткерлердің шығармашылық ұсынысы, сондай-ақ баллдық бағалау жүйесі өте маңызды.
Өңірлік тапсырыс субъектілердің мынадай санаттарына беріледі:
мерзімді баспасөз басылымдарына;
теле-және радиоарналарға;
интернет-басылымдарға.
Өңірлік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырушы облыстың жергілікті атқарушы органы болып табылады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мақсатында ұйымдастырушы мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрады.
Ұйымдастырушы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде тақырыптық бағыттардың бірыңғай тізбесін қалыптастырады. Өңірлік тапсырысты орналастыруды өткізу туралы ақпараттық хабарлама ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында оны өткізу күніне дейін 11 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады. Хабарлама Қағидаларда белгіленген нысан бойынша жасалады және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қамтиды.
Конкурсты өткізу кезеңдері:
Өтініш беру - үміткерлер қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырады.
Ашу хаттамасы - келіп түскен өтінімдерді және ұсынылған құжаттардың тізбесін тіркейтін құжат жасалады.
Алдын ала рұқсат беру хаттамасы – онда құжаттары пысықтауды талап ететін үміткерлер көрсетіледі.
Рұқсат хаттамасы - конкурсқа жіберілген қатысушылардың тізімі бекітіледі.
Алдын ала қортыыдының хаттамасы және қорытынды хаттама - конкурс пен жеңімпаздардың нәтижелерін тіркейді. Өңірлік тапсырысты алмаған қатысушыларға бас тарту себептері көрсетілген хабарлама және алдын ала қорытынды хаттамадан үзінді көшірме жіберіледі.
Келісімшарт жасасу - конкурс жеңімпаздарымен мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған келісімшарттарға қол қойылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35349 нөмірімен тіркелген.