Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу дегеніміз не?
Қоғамдық аккредиттеу – этномәдени бірлестіктердің қызметін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» № 70-IV Заңының, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Кеңесінің 2024 жылғы 29 наурыздағы шешімімен бекітілген «Этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу ережесінің» талаптарына сәйкес деп тану рәсімі.