Жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының есебін қалай алуға болады?
Келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес жалдау ақысының есебін алу, сондай-ақ салық базасының мөлшерлемесін, салық аймағының нөмірін және түзету коэффициентін нақтылау үшін сәйкестендіру құжаттарымен (жер учаскесіне мемлекеттік акт/кадастрлық төлқұжат) және тиісті өтінішпен жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға хабарласу қажет. Өтінішті eOtinish веб-сайтында онлайн режимінде немесе жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға хабарласу арқылы беруге болады.