Саран қаласы бойынша қай жерде мал жаюға рұқсат етіледі?
Жайылымдарды басқару және пайдалану жоспары мыналарды қамтиды:
жайылым айналымдарының схемалары, (жайылымдар 9 учаскеге және 14 алқапқа бөлінген), жайылымдардың шекаралары мен алаңдары белгіленген карта, жайылымды пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы, жайылымдардың орнын ауыстыру, қайта бөлу схемасы.
Мал жаю жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарына сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.