Жалдау шартын қалай жасауға болады?
Егер Сізде уақытша өтеулі жер пайдалануға ресімделген құқығыңыз болса, бірақ шарт болмаса немесе шарттық міндеттемелерді орындау үшін бөлу/біріктіру рәсімі болған жағдайда (мақсатты пайдалану, жер учаскесін пайдалану үшін уақтылы төлеу және т. б.) Сізге жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға тиісті өтінішпен және құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарымен жүгіну қажет. Жалдау шартын алғаннан кейін мемлекеттік тіркеу рәсімін жүргізу қажет. Өтінішті "eOtinish" сайтында онлайн беруге немесе жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жүгінуге болады.