Мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу
Мүлік иелерінің бірлестігі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
Меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді Әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Мүлік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) жиналыс хаттамасы;
3) мүлік иелері бірлестігінің Жарғысы;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.