Кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері мүлік иелерінің бірлестігін құрады.
Бірыңғай іргетаста орналасқан не Бірыңғай жалпыүйлік инженерлік жүйелері немесе көппәтерлі тұрғын үйдің және (немесе) үй жанындағы жер учаскесінің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесі бар көппәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің көпшілігінің келісімімен мүлік иелерінің бір бірлестігін құрады.
Мүлік иелерінің бірлестігі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың екі немесе одан да көп меншік иелерінен тұрады