Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші ақпараттық жүйе арқылы операторға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкер талоны, немесе жеке кәсіпкер куәлігі, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) спорт секция қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өнім берушінің меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады.
Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжаттың мерзімі өнім беруші өтініш берген күннен кейін кемінде 10 (он) айды құрайды.
Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлікті пайдаланған жағдайда қызмет көрсету туралы шарт ұсынылады, онда құқық белгілейтін құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті беруші тікелей теңгерім ұстаушы болып табылады;
3) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) ұйым ғимаратының/үй-жайларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі;
4) өнім беруші бекіткен спорт түрлерінен оқу бағдарламасы.