Жергілікті спорт федерациясын аккредиттеу үшін қандай құжаттар қажет?
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.