Бұқаралық спортты дамыту?
"Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс қалалары мен аудандарында облыс бойынша спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер, біріншіліктер өтіп тұрады.
Қазіргі уақытта облыста 865 дене шынықтыру және спорт ұжымы бар. оларда 273669 адам спортпен шұғылданады. Бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 39,2 пайызын қамтиды. Облыс көлемінде 2025 жыл басынан жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 518 спорттық іс-шара (7890 адам қамтылды) өткізілді."