Қысқы спорт түрлерін дамыту?
Жетісу облысында шаңғы жарысы бойынша қысқы спорт түрлерін дамытумен Алакөл ауданы Лепсы ауылы мен Сарқан және Алакөл аудандарының БЖСМ, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, керленг, мәнерлеп сырғанау шорт-трек және шайбалы хоккей бойынша "№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" және шайбалы хоккей бойынша Талдықорған қаласындағы «№1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және Көксу ауданының БЖСМ айналысады.
Қазіргі уақытта облыста қысқы спорт түрлері бойынша 188 секция жұмыс істейді. Оларда қысқы спорттың 7 түрімен 3727 спортшы (оның ішінде 2506 ауылдық жерлерде) айналысады, бұл облыс тұрғындарының спортпен шұғылданатын жалпы санының 1,4% құрайды.
Талдықорған қаласында «Жетісу – Арена» заманауи жабық мұз кешені жұмыс жасайды.