Зейнетақы тағайындау кезіндегі жұмыс өтілі қандай құжаттармен расталады?

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезіндегі жұмыс өтілі қандай құжаттармен расталады?

    Жауап

    ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес жұмыс өтілін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасы, білімі туралы құжат (диплом), әскери билет, бала туу туралы куәлік (әйелдер үшін – бала күтімі уақыты, егер ол жұмыс істемесе), мұрағаттық анықтамалар, жұмыс орнынан анықтамалар және басқалар болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс өтілі сот шешімімен расталуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мүгедектік бойынша жәрдемақы алып, жұмыс істей аламын ба?

    Жауап

    Мүгедектігі бойынша жәрдемақы жәрдемақы алуға өтініш берген уақытта жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік туындаған жағдайда тағайындалады. Жұмыс істейтін мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.

    ·
    Сұрақ

    Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және мүгедектігі бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алуға кім құқылы?

    Жауап

    Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу мүгедек балаларға бір немесе екі ата-анасының қайтыс болуына байланысты көзделген, Заңның осы нормасы 2021 жылғы 24 қазаннан бастап қолданылады.

    ·
    Сұрақ

    Мен университетте күндізгі оқу бөлімінің екінші курс студентімін және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы аламын. Егер мен жұмысқа орналассам, маған жәрдемақы төлеу тоқтатыла ма?

    Жауап

    Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу, егер мемлекеттік жәрдемақы алатын студент оқу орнынан шығарылған немесе сырттай оқу нысанына ауыстырылған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

    ·
    Сұрақ

    Мен екінші топтағы мүгедекпін, мен 60 жастамын, қазіргі уақытта жұмыс істеймін, бірақ менің жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды. Бұл заңды ма?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 24-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, I және II топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын...

    ·
    Сұрақ

    Менің төрт балам бар, көп балалы отбасыма мемлекеттік жәрдемақы аламын, үлкен қызым желтоқсан айында он сегіз жасқа толады, ол колледжде күндізгі бөлімде оқиды, бірақ басқа қалада тұрады және оқиды. Бала кәмелетке толғаннан кейін жәрдемақы алуға құқығым бар ма?

    Жауап

    Сіздің қызыңыз кәмелеттік жасқа толғаннан кейін сіз көп балалы отбасына жәрдемақы алу құқығын жоғалтпайсыз, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқ...

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы төлемдері маған 07.10.2021 жылдан бастап тағайындалды. Зейнетақы тағайындау үшін мен 2018 жылғы шілде мен 2021 жылғы маусым (үш жыл қатарынан) аралығындағы табыс туралы анықтама бердім, егер мен басқа кезеңдегі (2021 жылғы маусым-қыркүйек) табыс туралы анықтаманы қосымша ұсынсам, маған зейнетақыны қайта есептеу жүргізіле ме?

    Жауап

    Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын табыс етілген қосымша табыс туралы құжаттарды ұсынған кезде қосымша табыс етілген құжаттар бойынша орташа айлық табыс кезеңі жасына байланысты зейнета...

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде жұмыс өтілімде мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған және ай сайын бірыңғай жиынтық төлемді төлеген уақыт ескеріле ме?

    Жауап

    Егер жеке тұлға өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын қамтитын бірыңғай жиынтық төлемді төлесе және осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өзінің жеке зейнетақы шотын толтырса, онда бұл аударымдар жинақтаушы өтілге ескерілетін болады және тиісінше мемлекеттік базалық...

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезіндегі еңбек өтіліне бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау кезеңі қосыла ма?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты кезең есептеледі. Кезең сот шешімімен расталады.

    ·