Егер ЖК ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен жағдайда, 3 жыл ішінде бір мезгілде төменде көрсетілген шарттарға сәйкес келсе:
1) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап Қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын ҚҚС төлеуші болып табылатын не ҚҚС төлеуші болып табылмайтын;
2) тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша іріктемелі салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жүргізілетін салықтық тексерулердің/мерзімді салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесіне енгізілмеген болса.
ЖК тіркеу орны бойынша салық органына бір мезгілде:
- тарату салық есептілігін ұсынады (салық төлеушінің кабинеті "cabinet.gov.kz" арқылы ұсынылады);
- қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш (салық төлеушінің кабинеті "cabinet.gov.kz" арқылы беріледі).
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырғанға дейін алдын ала: elicense.kz сайты арқылы электрондық түрде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын СТ ретінде қызметті тоқтату туралы хабарлама беру қажет.
- бақылау-касса машинасын (бұдан әрі-БКМ) (бар болса) есептен шығару туралы салықтық өтініш (Салық кодексінің 66-бабы).
Бұл ретте, БКМ есептен шығару мынадай негізде жүзеге асырылады:
1) фискалдық деректер операторының мәліметтері-деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бойынша;
2) БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш – деректерді беру функциясынсыз БКМ бойынша. Деректерді беру функциясынсыз БКМ есептен шығару үшін (аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда) :
1) БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш;
2) Салық органының бекіткен пломбасы, фискалдық жады блогы бар БКМ;
3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектерінің кітабы;
4) БКМ тіркеу карточкасы.
Деректерді беру функциясынсыз (аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын) БКМ есептен шығару үшін БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш ұсынылады және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді (Салықкодексінің 169-бабы).