Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР бойынша тіркелген жеке кәсіпкермін, жеке кәсіпкерлікті жапқым келді, салық органдарына қандай құжаттар тапсыру керек?

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР бойынша тіркелген жеке кәсіпкермін, жеке кәсіпкерлікті жапқым келді, салық органдарына қандай құжаттар тапсыру керек?

    Жауап

    Егер ЖК қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін талап қою мерзімі ішінде (3 жыл) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда:

    1) ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

    2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайды;

    3) қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырмайтын:

    - бензин (авиациядан басқа), дизель отыны, газохол, бензанол, Нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын өндіру;

    - бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай ерткішін, жеңіл көмірсутектер қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;

    - этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру;

    - алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;

    - темекі бұйымдарын өндіру және (немесе) көтерме сату;

    - ойын бизнесі;

    - акцизделетін тауарларды өндіру, құрастыру (жинақтау);

    - тауарлардың электрондық сауданы жүзеге асыратын.

    4) тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде жоқ;

    5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

    6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі жоқ. Осы шарт сақталған жағдайда ЖК камералдық бақылау жүргізбей қызметін тоқтатады және тіркеу орны бойынша салық органына бір мезгілде келесілер ұсынылады:

    1) Қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш (салық төлеушінің кабинеті"cabinet.gov.kz" арқылы беріледі);

    2) Тарату салық есептілігі (салық төлеушінің кабинеті "cabinet.gov.kz" арқылы беріледі);

    3) бақылау-касса машинасын (ол болған кезде) (бұдан әрі – БКМ) есептен шығару туралы салықтық өтініш (Салық кодексінің 67-бабы).

    Бұл ретте, БКМ есептен шығару мынадай негізде жүзеге асырылады:

    1) фискалдық деректер операторының мәліметтері-деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бойынша;

    2) БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш – деректерді беру функциясынсыз БКМ бойынша. Деректерді беру функциясынсыз БКМ есептен шығару үшін (аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда) :

    1) БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш;

    2) Салық органының бекіткен пломбасы, фискалдық жады блогы бар БКМ;

    3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектерінің кітабы;

    4) БКМ тіркеу карточкасы.

    Деректерді беру функциясынсыз (аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын) БКМ есептен шығару үшін БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш ұсынылады және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді (Салықкодексінің 169-бабы).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер екінші деңгейлі банк, микрокаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын заңды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі борышкердің мүлкі болған жағдайда немесе екінші деңгейлі банктерге, микрокаржы ұйымдарына, коллекторлық агентті...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы уәкілетті органмен қандай мерзімде және қалай тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес қаржы басқарушысы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүзеге асыратын тұ...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы азаматтарының сот арқыл банкроттық рәсімінде борышкердің мүлкін тікелей сату әдісімен сату қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 39-бабына сәйкес борышкердің мүліктік массасын өткізу тәртібі айқындалған.Борышкердің мүліктік массасын сату қаржылық басқарушы арқылы электрондық...

    Сұрақ

    Борышкер қаржы басқарушының қызметіне ақы төлеуді қандай мерзімде жүргізе алады және қандай жағдайларда бұл қызмет мемлекет есебінен қаржыландырылады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімі бойынша қызметін уәкілетті орган тағайындаған күннен бастап бастайды.Осы күннен бастап қаржы басқарушысы сыйақы алуға құқылы болады. Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес мұндай сыйақы борыш...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы кім бола алады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы әрекет ете алады.Қаржы бас...

    Сұрақ

    Әкімшілер хабарландыруларды қай сайт арқылы жіберуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес әкімші уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасауға құқылы.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің...

    Сұрақ

    Мүліктік масса дегеніміз не және оның құрамына не кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі.Заңның 96-ба...

    Сұрақ

    Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқ...