Салық кодексінің 603-бабының 3-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жер бойынша салық органдарына төлемақы төлеушілер, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, рұқсат құжаттарының бар (жоқ) екендігі туралы мәліметті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады. Төлеушілер туралы мәліметтердің нысаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлері, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру мерзімі мен орны, хабарламаның бағыты (бағытсыздығы) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы No 271 бұйрығымен бекітілді. Астана қаласы бойынша ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган – «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі» ұсынады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жарнамалық алымдарды есептеу уәкілетті мемлекеттік органның ақпараты негізінде жүзеге асырылады.