Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі.

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі.

    Жауап
    1. 250 г-нан аспайтын мөлшердегі бекіре тұқымтас балықтардың уылдырығы;
    2. 5 кг-нан астам балық, шаян тәрізділер (тірі, салқындырылған, мұздатылған);
    3. 18 жасқа толған тұлға әкелген, жалпы көлемі 5 литрден асатын этил спирт, алкогольдік сусындар мен сыра.
    4. 18 жасқа толмаған тұлға әкелген, жалпы көлемі 5 литрден асатын этил спирт, алкогольдік сусындар мен сыра.
    5. 18 жасқа толған тұлға әкелген, 200 темекіден немесе 50 сигарадан (сигарилл) немесе 250 г темекіден немесе жалпы салмағы 250 г асатын көрсетілген бұйымдар.
    6. 18 жасқа толмаған тұлға әкелген, темекі және темекі бұйымдары.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері» №250 бұйрығы бойынша

    Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер, олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

    - ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

    - ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

    - планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

    - портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

    - зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

    - велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

    - бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егер екінші деңгейлі банк, микрокаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын заңды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі борышкердің мүлкі болған жағдайда немесе екінші деңгейлі банктерге, микрокаржы ұйымдарына, коллекторлық агентті...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы уәкілетті органмен қандай мерзімде және қалай тағайындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес қаржы басқарушысы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүзеге асыратын тұ...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы азаматтарының сот арқыл банкроттық рәсімінде борышкердің мүлкін тікелей сату әдісімен сату қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 39-бабына сәйкес борышкердің мүліктік массасын өткізу тәртібі айқындалған.Борышкердің мүліктік массасын сату қаржылық басқарушы арқылы электрондық...

    Сұрақ

    Борышкер қаржы басқарушының қызметіне ақы төлеуді қандай мерзімде жүргізе алады және қандай жағдайларда бұл қызмет мемлекет есебінен қаржыландырылады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімі бойынша қызметін уәкілетті орган тағайындаған күннен бастап бастайды.Осы күннен бастап қаржы басқарушысы сыйақы алуға құқылы болады. Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес мұндай сыйақы борыш...

    Сұрақ

    Қаржы басқарушысы кім бола алады?

    Жауап

    Қаржы басқарушысы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы әрекет ете алады.Қаржы бас...

    Сұрақ

    Әкімшілер хабарландыруларды қай сайт арқылы жіберуі тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес әкімші уәкілетті органмен және өзге тұлғалармен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсіл арқылы өзара іс-қимыл жасауға құқылы.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің...

    Сұрақ

    Мүліктік масса дегеніміз не және оның құрамына не кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – бұл банкроттық рәсімі барысында өндіріп алуға жататын банкроттың мүлкі, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге тұлғалардың мүлкі.Заңның 96-ба...

    Сұрақ

    Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының 1-тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқ...